Жаңалықтар

Йеменде болған жарылыстан 6 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Йеменде болған жарылыстан 6 адам қаза тапты

Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында жарылыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға кезінде БАӘ қолдайтын Оңтүстік өтпелі кеңестің сепаратистерімен байланысы бар алты қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан. Бұл туралы Оңтүстік өтпелі кеңестің ресми өкілі Мұхаммед әл-Нақиб мәлімдеді. Оның айтуынша, жарылғыш затты жолдың маңына «Әл-Каида» лаңкестік ұйымының содырлары қойған. Әскерилер мінген көлік өтіп бара жатқан кезде жарылғыш зат іске қосылған. Қаза тапқандардан бөлек, тағы екі қызметкер жарақат алды. Айта кетейік, Кеңес 22 тамызда Абьяндағы лаңкестік ұйымдарға қарсы «Шығыс жебелері» операциясының басталғанын хабарлаған.