Жаңалықтар

Қазақстандық провайдерлер Қырғызстанның Интернет тарифін түсірді

ашық дереккөзі

Қазақстандық провайдерлер Қырғызстанның Интернет тарифін түсірді

Қазақстандық провайдерлер Қырғызстанның Интернет тарифін бұрынғы бағаға дейін түсірді. "Қырғызтелеком" ААҚ мәліметі бойынша, бір мегабит құны 13 долларға дейін төмендетілді. Қырғызстанның байланыс операторлары қауымдастығының басшысы Нұрбек Абаскановтың хабарлауынша, қырғыз және қазақ операторлары тарифтерді түсіретін болып келісті. Оның айтуынша, 2017 жылдың басында операторлар жаңа келісім-шарт жасады, ол бойынша бір мегабиттің орташа құны - 10 доллар болып келісілді. 2016 жылдың тамызында Қазақстан провайдерлері Қырғызстанға арналған Интернет бағасы 1,5-3 есеге, яғни бір мегабит құны 30-дан 50 долларға дейін өсетінін хабарлаған. Артынша Қырғызстанның Бас прокуратурасы "Қырғызтелекомның" қазақстандық тараппен заңсыз келісім-шартқа отыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Хабарларға қарағанда, "Қырғызтелеком" басшысы Эмиль Ешеналиев Қырғызстан үшін тиімсіз шартқа отырған. Біраз уақыттан соң ол қызметтен босатылды.