Президент ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады

10 қазан, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Президент ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.