Жаңалықтар

Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

ашық дереккөзі

Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан астанасында жоғары және аса жоғары деңгейде бірқатар халықаралық іс-шара өтеді. 12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 11 мемлекет басшысы қатысады. Олар: Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Ресей, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан басшылары. Бір төрағаның орынбасары, бір вице-президент және 5 министр қатысады деп күтілуде», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.