Жаңалықтар

Ауылдағылар қалалықтарға қарағанда ұзағырақ өмір сүре ме?

ашық дереккөзі

Ауылдағылар қалалықтарға қарағанда ұзағырақ өмір сүре ме?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдағылардың қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін айтты деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Оның айтуынша, бүгінде ауылда 7,8 млн адам тұрады. Бұл – Қазақстан халқының 41%-ы. «Ауыл халқының ішінде балалардың үлесі – 38%, ал қалғаны – ересектер. Бала туу жасындағы әйелдер 1,7 миллионнан асқан», - деді Ажар Ғиният. Министр ауыл тұрғындарына 5 мыңнан аса медициналық ұйым қызмет көрсететінін атап өтті. Атап айтқанда, олар: 2 мыңнан аса медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, мыңнан аса дәрігерлік амбулатория, 200-ден аса емхана, 203 аурухана. «Халықтың денсаулық көрсеткіштеріне жүргізілген талдауға сүйенсек, ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты жоғары екенін көрсетті», - деді министр. Министрлік мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 70,23 жас болған. Қаладағы көрсеткіш – 69,91 жас, ауылда – 70,79 жас.