Президент сайлауына үміткер ретінде кімдер ұсынылды?

Президент сайлауына үміткер ретінде кімдер ұсынылды?

Президент сайлауына үміткер ретінде кімдер ұсынылды?
ашық дереккөзі
Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады деп хабарлады turkystan.kz. Осы уақыт ішінде Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандар: Жигули Дайрабаев - «Ауыл» партиясы атынан; Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан; Мейрам Қажыкен - «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан; Қасым-Жомарт Тоқаев - Халықтық коалиция атынан; Қарақат Әбден - «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан. Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері - 3 млн теңге.