Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

10 қазан, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті. Екінші орынды 210 кг салмақта қытайлық Линлу Лю иеленсе, үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.