Жаңалықтар

«Әскери басшылықпен кездесеміз»: ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстанға келе жатыр

ашық дереккөзі

«Әскери басшылықпен кездесеміз»: ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстанға келе жатыр

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась жұмыс сапарымен Қазақстанға келе жатыр. Бұл туралы 9 қазанда ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. «Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған», - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін айтты.