Жаңалықтар

Алматыда полиция подполковнигін соққыға жыққан 5 ер адам ұсталды

ашық дереккөзі

Алматыда полиция подполковнигін соққыға жыққан 5 ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде Алматыда полиция қызметкерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған. Белгісіз адамдар Алматы қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р.Өтегеновті соққыға жыққан. Ол «жабық бас сүйек - мидың жарақаты, мидың шайқалуы» диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды. «Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді Полиция департаменті.