Қазақстанда мүгедектігі бар 534,6 мың адам жәрдемақы алады
Қазақстанда мүгедектігі бар 534,6 мың адам жәрдемақы алады
Елімізде ерекше қажеттілігі бар 705 мыңнан астам азаматтың 534 мыңнан астамы әлеуметтік жәрдемақы алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстанда қазанның екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтеді.
Бүгінгі таңда елімізде тұратын мүгедектігі бар 705 мың адамның:
- 421,5 мыңы еңбекке қабілетті жаста (59,8%);
- 181,9 мыңы зейнеткерлік жаста (25,8%);
- 101,6 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,4%).
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 534,6 мың адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) алады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша МӘЖ төлеуге 254,5 млрд теңге бағытталған.
Айта кетейік, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. 2022 жылдың 1 қазанында мүгедектігі бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері 53 802 теңгені құрады.