Бақуатты қоғам құрудың қадамы бүгіннен басталады – Алтынбек Қоразбаев

Бақуатты қоғам құрудың қадамы бүгіннен басталады – Алтынбек Қоразбаев

Бақуатты қоғам құрудың қадамы бүгіннен басталады – Алтынбек Қоразбаев
ашық дереккөзі
Соңғы жылдары елімізде түрлі бастамалар мен реформалар жасалып жатыр. Жаңа Қазақстан құрудың алғышарты басталып та кетті. Оның лебі, шынында, бізге сезіліп жатыр. Енді қазір елдегі татулықты сақтап, халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру маңызды. Өйткені еліміз бен жеріміз – ең басты мұратымыз. Оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бүгінгі әлемдегі жағдайдың күннен-күнге ушығып жатқанын бәріміз білеміз. Сол илеуге иленіп кетпей, елдігімізді сақтап қалу керек. Бұл орайда әділдік, шындық, демократиялық Қазақстанды құру біз үшін өте қажет. Алдағы сайлау халықты біріктіруге бағытталған. Жалпы әлемдік трендтерді назарға алатын болсақ, азаматтар алдағы жолдың бағдары мен нақты жоспарларды айқын түсінуі қажет. Сайлау конституциялық реформалардың жетістіктерін бекітіп қана қоймай, басқа салалардағы реформаларды жалғастыру мен күшейту үшін қажет. Оған уақыт пен елдің сенімі керек. Сонда ғана өткен жолды қорытындылап, болашаққа назар аударуға мүмкіндік туады. Өткенімізден дұрыс сабақ алып, сол тәжірибемізді жарқын болашақ жасау жолында сарп етсек, бізді кемел келешек күтері даусыз. Ал оған бастайтын қадамдар бүгіннен басталады.