Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты (ВИДЕО)

Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты (ВИДЕО)

Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 8 қазан күні сағат 02.45-те көлік полициясына Жамбыл облысындағы «Бурный–Сұрым» өткелінде Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғы бөлмесінде өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды. Пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патрульдік нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті. Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша тергеу басталды. https://www.youtube.com/watch?v=Pds695LGGnc