Универсиада күндері әкімдік Алматының сауда орталықтарын жаппақ
Универсиада күндері әкімдік Алматының сауда орталықтарын жаппақ
XXVIII қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтетін күндері қаладағы Алматыдағы 9 сауда орталығы жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sn.kz хабарлады.
"2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны күндері санитарлық күндер өткізуге байланысты қаладағы тоғыз сауда орталығы жабылады", - делінген аталған хабарламада.
Жабылатын гипермаркеттер тізімі:
- "Магнум" (Ақбұлақ 273)
- "Алтын Орда" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1)
- "Барлық" базары (Ташкент тас жолы 18 км, 1/1)
- "Құрдас-7" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1/7)
- "Жібек жолы" базары (Райымбек даңғылы 517/6)
- "Жұлдыз" базары (Розыбакиева 33/1)
- "Барыс 4" базары (Райымбек даңғылы 212д/1)
- "Кар Сити" СҮ
- "Арзан" гипермаркеті (Райымбек даңғылы 507а)
Еске сала кетейік, Алматыдағы дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары қаңтардың 29-на басталып, ақпанның 8-не аяқталады. Спортшылар 12 спорт түрінен сынға түспек. Қазақстандық студенттер тек 7 спорт түрінен бақтарын сынайтын болады. Жарыстар Алматыдағы 8 спорттық нысанда өтеді.