Президент сайлауы: Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсыра ма?
Президент сайлауы: Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсыра ма?
Қазақстан Республикасының қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттерін келесі мерзімге қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген республика Президентіне қолданылмайды», - деді ОСК хатшысы.
ҚР Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу жөніндегі лингвистикалық комиссияның бірінші ұйымдастыру отырысы кеше, 7 қазан күні өткен болатын.
Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №72/555 қаулысымен құрылған Лингвистикалық комиссияның құрамына филология, тіл білімі мен әдебиет саласындағы көрнекті ғалымдар, атап айтсақ, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Жанқара Дәдебайұлы, Гүлтас Құрманбай, Дихан Қамзабекұлы мен Анар Фазылжановалар кірген.