Жаңалықтар

Үміткер «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбына өз ойын 15 минут көлемінде баяндаған

ашық дереккөзі

Үміткер «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбына өз ойын 15 минут көлемінде баяндаған

8 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтті: тақырып бойынша жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады. Отырыстың қорытындысын лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады. "Кандидаттың жазба жұмысы «Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер» тақырыбында болды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат берілген уақытты толық пайдаланды. Екінші тапсырма бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзіндіні оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбына өз ойын 15 минут көлемінде баяндады", – деп жазды ОСК. Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады.