Турист суреті: Сочи тауларында елес түріндегі табиғи құбылыс көрінді

Турист суреті: Сочи тауларында елес түріндегі табиғи құбылыс көрінді

Турист суреті: Сочи тауларында елес түріндегі табиғи құбылыс көрінді
ашық дереккөзі
Ресейлік турист Сочи тауларында ерекше табиғи құбылыс – брокен елесін суретке түсіріп, Instagram парақшасында жариялады деп жазады turkystan.kz @sochi_online_2.0 парақшасына сілтеме жасап.
«Каменный столб» тауының шыңында оқырманымыз ерекше табиғи құбылысты түсірді», – делінген суреттегі жазбада.
Айта кетейік, брокен елесі – бұлтты күні пайда болатын адам көлеңкесіне ұқсас құбылмалы сәуленің оптикалық құбылысы. Бұл жерде күнге қарсы тауда тұрған бақылаушының сұлбасы бұрмаланып, таңғаларлық контурларды қабылдайды.