Ардагерлер Әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды
Ардагерлер Әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды
Қазақстандық балуандар Болгарияда өткен әлем чемпионатынан жеңіспен оралды деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Пловдив қаласында ардагерлер арасында еркін күрестен өткен сайыста олар үш алтын алған. В дивизионында Есентай Хапар чемпион атанса, А дивизионында батысқазақстандық Нұрлан Бекжанов 70 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. Абай Смағұлов да 88 келіге дейінгі салмақта үздік шыққан.