Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Аргентинаның футбол стадионында жаппай тәртіпсіздік болды

Аргентинаның Ла-Плата қаласында жергілікті футбол клубтары арасындағы ойын тәртіпсіздікке ұласты. Салдарынан кезінде бір адам қаза тауып, 100-ге жуығы жараланды деп хабарлады turkystan.kz.

Жараланғандардың арасында полиция қызметкерлері де бар.

Буэнос-Айрес провинциясының қауіпсіздік министрі Серхио Берни оқиғаның Хуан Кармело Серильо стадионында болғанын айтты.

Мәліметтерге сенсек, стадионға шектен тыс көрермен кіргізілген. Кіре беріске жиналған жанкүйерлер қоршауларды бұзып өтуге тырысқан. Олар матч басталып кеткен стадионға кірген кезде полиция көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болған.

Осы кезде 57 жастағы бұрынғы футболшы Сезар Густаво Регейро жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Төреші Эрнан Мастранело матчтың 9-минутында кездесуді кейінге қалдырды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button