Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

ашық дереккөзі

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте бір сатыға жоғарылады деп хабарлады turkystan.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 113-орынға жайғасты. Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізді: Беларусь (2:1) және Әзербайжанмен (0:3) ойнады. ФИФА рейтингі. 6 қазан 2022 жыл: 1. Бразилия – 1841 ұпай 2. Бельгия – 1816 3. Аргентина – 1773 4. Франция – 1759 5. Англия – 1728 6. Италия – 1726 7. Испания – 1715 8. Нидерланд – 1694 9. Португалия – 1676 10. Дания – 1666 … 112. КХДР – 1169 113. Қазақстан – 1166 114. Мозамбик – 1165 … 211. Сан-Марино – 762. Рейтингтің толық нұсқасымен ФИФА-ның ресми сайтында танысуға болады.