Қазақ тілінде көруге болатын әйгілі мультфильмдер

Қазақ тілінде көруге болатын әйгілі мультфильмдер

Қазақ тілінде көруге болатын әйгілі мультфильмдер
ашық дереккөзі
Сенбі мен жексенбі отбасыңызбен бірге кино немесе мультфильм тамашалау үшін таптырмас күн. Осы ретте turkystan.kz назарларыңызға қазақ тіліне аударылған әлемдік деңгейдегі танымал 3 мультфильмді назарларыңызға ұсынады. 1. Аңдар шаһары  Бұл мультфильм  Джуди Хоппс есімді көжектің мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді қалай жеңгенін баяндайды. Аңдар шаһарының тәртіп сақшысы болуға келген ол қояннан шыққан тұңғыш полицей атанады. Оған мұндай атақ оңайлықпен келмейді. Қызыққа толы туынды кез келген жанды еріксіз баурап алады. 2. Балерина Комедияға толы француз мультифльмі өрімдей өнерлі қыздардың қызықты оқиғаларын ұсынады. Бас кейіпкер Фелис би десе ішкен асын жерге қояды. Жетім қыз өнер жолында бай-манаптардан қағажу көріп, жиі шеттеліп қалады. Бірақ ол арманына жету Париждегі балет мектебіне барғысы келеді. Бұл үшін оған ең жақын әрі жалғыз досы көмектеседі. Мультфильмді соңына дейін көрген жан Фелис үшін шыр-пыр болары сөзсіз. 3. Күлшеқыз Бұл енді сіз бен бізге бұрыннан белгісі танымал ертегі желісінде түсірілген мультфильм. Классикалық мультфильмнің қазақша аудармасы сәтті шыққан. Табиғат пен адамзаттың үйлесімі, өмірдегі маңызды құндылықтар туындының негізгі философиясы. Жалықтырмайтын жанға жайлы мультфильмдерді бірге тамашалайық.