Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Жиын барысында ТМД елдерінің басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургтегі Константин сарайына барды.

Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button