Жаңалықтар

Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

ашық дереккөзі

Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.