Қираған мешіт үш адамды майып қылды
Қираған мешіт үш адамды майып қылды
Толассыз жауған қар Ыстанбұл мешітінің төбесін құлатты. Төтенше оқиғадан үш адам қаза тауып, он адам жарақат алды деп хабарлады Hurriyet газеті.
Бұған дейін жаназа рәсімінде болған төтенше жағдайдан бір адамның мерт болғаны хабарланған еді. Оқиға Атакей ауданында болған. Онда жедел жәрдем көліктері мен құтқарушылар келді.
Түркия астанасында сенбіден дүйсенбіге дейін тоқтамай жауған қар айтарлықтай қиындық тудырды. Кей аудандарда қардың деңгейі 130 см-ге дейін жетті. Үш күн ішінде қала әуежайларында 1,5 мың әуе рейсі тоқтатылды.