ОСК: Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары тапсырылды

ОСК: Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары тапсырылды

ОСК: Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары тапсырылды
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде құжаттары ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарында былай деп жазылған: «2022 жылғы 7 қазанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына сәйкес, сондай-ақ «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №67/545 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы келесі құжаттары ұсынылды: 1. «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы», «Ардагерлер ұйымы»,  QAZAQSTAN TEAM , «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің жоғары органдары отырыстарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірмелері; 2. Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері».