Өмірінде бір-ақ рет жеңіліп көрген Джейкобс Головкинді көзбен түйреді

Өмірінде бір-ақ рет жеңіліп көрген Джейкобс Головкинді көзбен түйреді

Өмірінде бір-ақ рет жеңіліп көрген Джейкобс Головкинді көзбен түйреді
ашық дереккөзі

Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Даниэл Джейкобс 18 наурыз күні жұдырықтасатыны белгілі. Спортшылар кездесу  алдында алғашқы көзқарастар дуэлін өткізді.

Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен баспасөз мәслихатында Геннадий Головкин кездесу бойынша қандай да бір болжамдар айтудан бас тартты. Тілшілер тарапынан қойылған сұраққа: «Мен құдай емеспін. Тек ең мықтымын!», - деп жауап берді.

Оның алдында қазақстандық боксшы Джейкобстың де мықтылығын мойындайтынын айтқан еді. "Ол бизнестегі ғана емес, спорттағы да мықты қарсыласым", - деген болатын Гена.

Ал бапкерлер боксшылардан нокаут күтетінін айтуда. Әрбір тәлімгер өз шәкіртіне сенімді, деп жазады Vesti.kz. «Екі команданың бапкері де кездесу соңына дейін жалғасатынына күмәнді. 18 наурыз күні осында нокаут болады», - деп хабарлады Madison Square Garden-дегі баспасөз мәслихатынан журналист Кристина Хаугсия.

Еске сала кетейік, Головкин-Джейкобс кездесуі 2017 жылдың 18 қаңтары күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы PPV ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бокс кешін Қазақстанда «KazSport» және «Қазақстан» Ұлттық арналары таратады. 34 жастағы Головкин кәсіпқой бокстағы өз мансабында 36 кездесуді жеңіспен аяқтады, оның 33-ін - нокаутпен. 29 жастағы Джейкобстың есебінде 32 жеңіс (29 нокаут) және 1 жеңіліс бар.