Тест: бойыңыздағы қай мінез арманға жетуге кедергі келтіреді?

Тест: бойыңыздағы қай мінез арманға жетуге кедергі келтіреді?

Тест: бойыңыздағы қай мінез арманға жетуге кедергі келтіреді?
ашық дереккөзі
Бұл – жапондар ойлап тапқан «мүмкіндігіңіз» атты тест. Тест бойынша суретке мұқият қарап, өзіңізге ыңғайлы транспортты таңдаңыз. Нәтижесінде мақсатыңызға жету мүмкіндіктері мен оған жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін мінезіңізді анықтай аласыз. А. Велосипед: мақсатыңызға адал еңбегіңізбен жетесіз. Өзіңізге ғана сеніп, жеке дара жұмыс істеңіз. Сізге айналаңыздағылардың көмегі тимейді. Бойыңызда қайсарлық, батылдық және сенім бар. Ерік-жігер, табандылық және еңбегіңіз сізді алға, жеңіске жетелейді. Біліңіз, сізде мүмкіндік көп. В. Автомобиль: ішкі энергияңыз бен жалпы энергияңыз сізді алға бастайды. Мақсатыңызға «асықпай жүріп, анық басып» жетіңіз. Алға қойған нысаналарға кішкентай қадамдар жасау арқылы жетуді ұсынамыз. Сізде мүмкіндік көп. Сол себепті асығыстық танытып олардан қол үзіп қалмаңыз. С. Автобус: отбасыңызды, достарыңызды бағалайтын жансыз. Басқаларға көмектесу арқылы өзіңізбен жұмыс істеп, арманыңызға жақындайсыз. Алайда жақындарыңызға көңіл бөлемін деп, бағытыңыздан жаңылмаңыз. Егер айналаңыздағылар сіздің мақсаттарыңызға араласпайтын болса, қалағаныңызға жететін мүмкіндігіңіз бар. D. Пойыз: жаныңызда адамдар көп болғанымен, оларға назар аудармайсыз, өміріңіздің бір бөлшегі ретінде қарамайсыз. Өзіңізге ғана алаңдап, жалғыз шеңбердің ішінде айналудың қажеті жоқ. Айналаға қараңыз, басқалардың идеяларына мән беріп тыңдаңыз. Мүмкін олардың айтқан сөздерінің арасынан өзіңізге бағалы бірдеңе тауып қаларсыз. Соның арқасында табысты болуға деген мүмкіндігіңіз де артады. E. Яхта: еркін адамсыз, әлемде болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарайсыз. Рационализм мен саналы ойлану – сіздің басты қағидаларыңыз. Сізді алға қойған мақсатыңыздан тайдыру оңай емес. Жоспар құрып, тек сонымен жүретін жансыз. Оған жету жолында кездескен кедергілерге мән бермейсіз. Шешім қабылдарда, түрлі нұсқаларды қарастыруға тырысыңыз. Бұл сіздің мүмкіндігіңіздің артуына көмектеседі. F. Ұшақ: мақсатыңызға тез жетуді қалайсыз. Әрекетке көшудің орнына ылғи қиялдап жүресіз. Бұл жағдайда сіздің фантазияңыз – сіздің жауыңыз болып тұр. Кейде аспанда қалықтап жүресіз, кейде қалауыңызды жүзеге асыруға қорқып қаласыз. Әзірге табысты болуға мүмкіндігіңіз аз. Сол себепті аспаннан жерге түсіңіз, ойдан әрекетке көшетін уақыт келді.