Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Лиззи Кларк – ең бұзық бала
Лиззи Кларк әлемдегі ең бұзық қыз титулына ие болған. Ол бір жылда:
- әкесінің жаңа көлігіне пышақпен «Мені жу» деп жазған;
- Билл Клинтонның қызымен құрбы боламын деген оймен Ақ үйге қалалық телефон арқылы 167 мәрте хабарласқан;
- ата-анасының жатын бөлмесіне бақша шлангісінің көмегімен жүздеген литр су жіберген;
- дәретхананың астына отшашулар қойып, оны жарған;
- қайшымен иттің құйрығын кескен;
- анасының сүйікті орхидеяларын өртеген.
[caption id="attachment_199434" align="alignnone" width="1205"] Фото:dmanayeva.blogspot.com[/caption]
Джулиан Павон – ең жас кәсіби барабаншы
Джулиан Павон бес жас тоғыз айында, яғни, 2010 жылы ең жас барабаншы ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген. Бірақ рекорд ресми түрде сол жылы тіркелгенімен, ата-анасының айтуынша, бүлдіршін 2 жасынан бастап өнерге қызыққан. 4 жасында жас музыкант Джулиан жақындарына концерт берген. Араға 2 жыл салып, оның алғашқы альбомы жарыққа шыққан.
[caption id="attachment_199436" align="alignnone" width="1280"] Фото:mobillegends.net[/caption]
Лу Хао – ең семіз бала
Лу Хао Қытайда дүниеге келген. Туғанда баланың салмағы 2,5 келі болған. Алайда, балақай үш айынан бастап артық салмақ жинаған. Жасы 3-ке келген Лу Хао 60 келі болған. Бұл көрсеткіш қалыпты дене салмағына ие балалардан 5 есе көп. Анасының айтуынша, Лу Хао өзі қалаған кезде тамақ ішпесе, айқай шығарып, жұрттың мазасын алады екен.
[caption id="attachment_199438" align="alignnone" width="1200"] Фото:busybag.ru[/caption]
Джейли Лингдо – әлемдегі ең қарт бала
«Сәбидің» жасы қазір 35-те. Джейли Лингдо қарапайым отбасында туған. Бала алғашқыда өзгелерден ерекшеленбеген. Тек жасы 3-ке келгенде Джейли Лингдо қатарластарынан қалып, ойы мен бойы өспей қалған. Баласы үшін алаңдаған ата-анасы қаншама аурухананың табалдырығын тоздырғанымен, дәрігерлер диагноз қоя алмаған. Қазір Джейли Лингдоның салмағы бар-жоғы 11 келі, бойы 84 см.
[caption id="attachment_199440" align="alignnone" width="1280"]