Күйзеліске түскен кезде 4 нәрсені істеуден қашыңыз

Күйзеліске түскен кезде 4 нәрсені істеуден қашыңыз

Күйзеліске түскен кезде 4 нәрсені істеуден қашыңыз
ашық дереккөзі
Адам күнделікті түрлі эмоцияға түседі. Бірде қуанса, бірде жылайды. Кейде күйзеліске түсіп, одан шыға алмайтын да жағдай туындайды. Мұндай кезде не істеу керек екенін бәрі айтады, ал нені істемеу керек екенін біз ұсынамыз. Кофе ішпеңіз Күйзеліске түскен кезде көп кофе ішуден сақтаныңыз. Себебі ол қандағы кортизол деңгейін көтеріп жібереді. Күйзеліс кезінде кофесіз де сергек боласыз. Сондықтан артық пайдаланудың қажеті жоқ. Ішімдік ішпеңіз Адамдар күйзеліске түскен кезде ішімдікке үйір болады. Яғни, мастыққа салынса, проблема шешіледі, одан қашамын деп ойлайды. Мұның бәрі өтірік. Алғашында адам ішімдік ішкен кезде жаны тынышталғандай болуы мүмкін, бірақ кейін қысымы көтеріліп, күйзеліс одан сайын көтеріледі және адамда ыстық көтерілу, өзін басқарудан қалу деген мәселе туындай бастайды. Әлеуметтік желіні ұмытыңыз Әлдене алаңдатып тұрса, әлеуметтік желіге кірмеңіз. Ол серотонинның тез көтерілуіне әкеледі. Күнделікті жаңалықтарды қоя тұрыңыз Күнделікті оқып, қарап жүрген, жиі талқылайтын жаңалықтардан қашыңыз. Ол БАҚ беттеріндегі күн сайын шығып жатқан не сізге ескертпе ретінде келіп тұрған маңызды жаңалық болса да, қашыңыз. Себебі жаңалық адам күйзеліске түскен кезде одан әрі алаңдауына, миына салмақ түсіруіне негіз болады.