«Әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасау» – қазақ баласы
«Әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасау» – қазақ баласы
Алматыда Suleyman Demirel атындағы университеттің ІV курс студенті Бексұлтан Әйтен бірнеше жыл бұрын курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тапты. Бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца, донер сияқты фаст-фудты тез арада жеткізе алады. Қазір оның дрондары кәсіпкерлердің қызығушылығын оятып жатыр.
Ол Kursiv-ке берген сұхбатында құрастырып жатқан дрондары туралы былай деді:
«Мен құрастырған тасымалдаушы дрондар тек тамақ қана емес, жүктерді де қажетті жерге жеткізе алады. Бірақ, қазір дронға тамақ, яғни фаст-фуд жеткізетін кәсіпкерлер қызығып жатыр. Мысалы, тамақ таситын курьер күніне 10-15 тапсырыс орындап, 200 -300 мың теңге айлық алса, дрондар да тура сол тапсырысты орындап, көп қаражатты үнемдей алады. Кәсіпкерлер сол үшін дронға қызығып жатыр», – деді ол.