Жаңалықтар

Қанат Ислам бүгін АҚШ-та «Жыртқышпен» жекпе-жекке шығады

ашық дереккөзі

Қанат Ислам бүгін АҚШ-та «Жыртқышпен» жекпе-жекке шығады

Белгілі қазақстандық боксшы әрі "қазақ" атымен танымал болған Қанат Ислам АҚШ-та өтетін жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті деп хабарлады turkystan.kz. Қанат Исламның қарсыласы - Хавьер Франсиско. Аргентиналық боксшымен болған салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесін сақтай алды. Кездесу 7 қазан, яғни бүгін АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтеді. Айта кетейік, Қанат Ислам бұған дейін британдық боксшыдан жеңілген болатын.