Ресми: UFC-дегі «даяшы» Рахмоновпен кездесуге келісім берді

Ресми: UFC-дегі «даяшы» Рахмоновпен кездесуге келісім берді

Ресми: UFC-дегі «даяшы» Рахмоновпен кездесуге келісім берді
ашық дереккөзі
Америкалық UFC файтері Джефф Нил қазақстандық Шавкат Рахмоновқа жауап беріп, промоушеннің бас матмейкері Шон Шелбиге қоңырау шалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін Рахмонов америкалықты бірнеше рет айқасқа шақырған.
"Бүгін таңда командам Шонға қоңырау шалды. Қалауыңа абай бол. Жақында кездесеміз, Рахмонов"  деп жазды Нил "твиттерде".
Екі файтер де жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Нил дивизион рейтингінде алтыншы орында, ал Рахмонов - оныншы. Айта кетейік, Нил "официант және бармен" бағытында білім алған. Ол тіпті бір орында официант болып он жыл істеген. Ол жұмыстан UFC-дегі бесінші жекпе-жегінен кейін ғана кеткен. Ал пандемия кезіндегі барлық спорттық шаралар тоқтатылған аралықта қайтадан қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істепті.