Қызылорда тұрғыны өзінің танысын атып кеткен
Қызылорда тұрғыны өзінің танысын атып кеткен
Қызылорда тұрғыны танысын атып кетті. Оқиға қаланың сол жағалауындағы көпқабатты үйдің алдында болды деп хабарлады turkystan.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.
AstanaTV-ның мәліметінше, күдікті – 56 жастағы ер адам. Ол 43 жастағы әйелді атып, қашып кеткен. Жедел іздестіру нәтижесінде, көп ұзамай қолға түсті. Айғақ заттар тәркіленді.
Қызылорда қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Рақымжан Сұлтанқұлов: «Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 14-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деді.
Оқ жәбірленуші әйелдің сол жақ жамбасына тиген. Ішкі ағзасы зақымданған. Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.