Ақбөкендерді жаппай атуға жол берілмейді

Ақбөкендерді жаппай атуға жол берілмейді

Ақбөкендерді жаппай атуға жол берілмейді
ашық дереккөзі
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санын реттеу мәселесіне түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ақбөкендерді атуға қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұрын мен осы айдың соңына дейін шешім қабылдайтынымызды айттым. Бірақ дәл қазір біз нақты шешім қабылдаған жоқпыз», - деді Серікқали Брекешев Сенатта өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, ведомство ақбөкендерді жаппай атуға жол бермейді.
«Қандай шешім болмасын, біз осы бағыттағы жұмысты келесі жылдың күзінде бастаймыз. Біз жаппай атудан бас тарттық», - деді Экология министрлігінің басшысы.