Жаңалықтар

7 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

ашық дереккөзі

7 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 7 қазан, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі. Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.