Жаңалықтар

Қазақстанда демографиялық ахуал жақсарып келеді

ашық дереккөзі

Қазақстанда демографиялық ахуал жақсарып келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Президент елдегі демографиялық ахуал жайлы сөз қозғады деп хабарлады turkystan.kz. «Елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатыр. Бұл – құптарлық үрдіс. Біз «Аңсаған сәби» бағдарламасын қабылдадық. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді», - деді Мемлекет басшысы. Соның арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есе артқан. «Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ дене шынықтыру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұқаралық спортты дамыту, түрлі үйірмелер ашу қажеттігі туралы міндет қойылды», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.