Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам 25 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Павлодар ауданының тұрғыны кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
«Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады», - деп жазылған хабарламада.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және жүргізілген сараптамалармен дәлелденді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, ер адам педофилия деп аталатын психикалық ауытқушылықпен ауырады. Сотталушы өзі кінәсін мойындамады. Үкім заңды күшіне енді.