Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды

6 қазан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz.
6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты,–  деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.