Жаңалықтар

Астанадағы 9 ерекше саябақ

ашық дереккөзі

Астанадағы 9 ерекше саябақ

Бас қаламызда күннен күнге жаңа ғимараттардың саны артып, көрікті жерлері көбейіп келеді. Елордалықтар мен қала қонақтары үшін Астананың 9 көрікті жерін ұсынамыз. «Қалалық романс» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы саябақ Жыл сайын бұл саябақ көркейіп, әдемі болып келеді. Қазір демалуға, серуендеуге және спортпен шұғылдануға арналған керемет орынға айналды. Мұнда спорт және ойын алаңдары, беседкалар, оюлы орындықтар, веложол бар. Президент саябағының жалғасы болып есептеледі. Ең бастысы Есіл жағасына жақын. Орналасқан жері: Панфилов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында. Дипломатиялық қалашықтағы алаң Серуендеуге ыңғайлы шағын сквер. Елорданың орталығында орналасқан. Айналасында панорамалық үйлер. Демалушылар үшін скверде бірнеше субұрқақ, орындықтар бар. Орналасқан жері: Қонаев және Сарайшық көшелерінің арасында. фото: sxodim.com[/caption] «Ақжайық» тынымбағы Жеңіс пен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан. Онда су бұрқақ пен 100 адамға арналған амфитеатр орналасқан. Сондай-ақ «Сиқырлы лабиринт» ландшафтық инсталяциясы, «Галактика», «Өнер», «Көлемді ойлауды дамыту», «Физика», «Математика», «Логика» сияқты таным алаңдары бар. Демалыс орталығына көрік беріп тұрған Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіші. Достық саябағы Елорданың оңтүстік-шығыс аймағындағы саябақ. Алаңда футбол, ойын алаңы, автотұрақ бар. Бәрі жаңа күйде. Оған жақын жерде көл бар. Төлебаев пен Қордай көшелерінің арасында орналасқан. Көктал саябағы Аумағы көкке шығу үшін, әсіресе жақын жерде тұратындарға арнап салынған. Әдемі беседкалары мен орындықтары бар.  Таза ауада демалып, серуендеу үшін тамаша жер. Орналасқан жері: Тілендиев даңғылы. Жамбыл Жабаев атындағы саябақ Өзеннің жанында орналасқан, сондықтан мұнда серуендеуге ыңғайлы. Осы жерден украин грек-католик шіркеуі көрінеді. Алаңда ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші қойылған. Орналасқан жері: Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Қорғалжын тас жолындағы велосипед паркі Көп адам білмеуі мүмкін, бірақ баруға тұрарлық. Елордадағы ең әдемі күзгі көріністі осы жерден көруге болады. Орналасқан жері: Қорғалжын тас жолының бойындағы Тайм аялдамасы