Президент: Білім беру және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында болады

Президент: Білім беру және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында болады

Президент: Білім беру және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында болады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Халықтық Коалиция форумында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз білім, ғылым саласын дамытуға айрықша назар аударып отырмыз. Қала және ауыл мектептері арасындағы айырмашылықты жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Білім сапасы төмен жоғары оқу орындары жабыла бастады. Дарынды жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант беріле бастады. Жас ғалымдарға әлемнің беделді ғылыми орталықтарында озық білім алу үшін 500 және «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді. Жалпы, білім беру және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында болады. Мен бұл салаларға ерекше мән беремін. Қоғамда білім үстемдігін қалыптастыратын кез келді», – деді Президент.