Президентіміз бізді болашаққа бастауға әбден лайық тұлға – Тоқтар Әубәкіров

Президентіміз бізді болашаққа бастауға әбден лайық тұлға – Тоқтар Әубәкіров

Президентіміз бізді болашаққа бастауға әбден лайық тұлға – Тоқтар Әубәкіров
ашық дереккөзі

ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау форумында Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz.

«Біз Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау арқылы болашақты таңдаймыз. Мен Президенттің бастамаларымен жүзеге асып жатқан барлық реформаларды қолдаймын. Себебі, ол -  мемлекетіміздің бүгінгі және ертеңгі өмірі үшін аса маңызды. 

Мен бүгін осы сөзді айтып, ортаға шықпас бұрын көп ойландым, көп толғандым. Бұл менің шын көңілімнен шығып жатқан сөздер. Президентіміз бізді болашаққа бастауға әбден лайық тұлға. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ниеті де, саяси позициясы да тәуелсіз Қазақстанды нығайтуды көздейді.

Үлкен істің алдында тұрған азаматымызға тірек болайық, ағайын. Барлықтарыңызды қолда бар алтынымызды бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа  қолдау білдіруге шақырамын!!!».