Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды

Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды

Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды
ашық дереккөзі
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды. Жиынды ашқан Партия Төрағасы Ерлан Қошанов деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан, бүгін Халықтық Коалиция Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы! Ең бастысы, Сайлау қарсаңында жетекші саяси күштердің ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы елді жігерлендіреді», - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Ерлан Қошанов бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер Президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отырғанын айтты. Осы орайда, саяси ұйымдар бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөніндегі келісімге келді.