Тоқаев халықты әділдік идеясының астына біріктірді – Самат Нұртаза

Тоқаев халықты әділдік идеясының астына біріктірді – Самат Нұртаза

Тоқаев халықты әділдік идеясының астына біріктірді – Самат Нұртаза
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев халықты әділдік идеясының астына біріктірді. Қоғамның әр түрлі ұйымдары мен азаматтық топтардың жұмыла Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауын құптаймын. Бұл туралы Қазақстанның қоғамдық даму институтының медиа-коммуникация және PR басқармасының жетекшісі Самат Нұртаза Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«AMANAT», «Халық» және «Ақ Жол» партиялары бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артуы, саяси элитаның ысылып, үлкен проблеманың алдында барлық жеке эмоцияларды ысырып қойып, ел үшін қызмет атқара білуін көрсетеді. Қазіргі Президентіміз «Ескі Қазақстанды» қайтару жолындағы пәтшағарлардың жолына тосқауыл бола алады. Мемлекет басшысы таудай проблемаларға тосқауыл бола алады. «Жаңа Қазақстанды» аңсаған адамдар, өзгерісті қалайтын адамдар - Тоқаевты қолдауы заңды, - деді ол.
Ол тәртіп, тұрақтылық, тұтастықтың кепілі болатын Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын және барлық қазақстандықтарды сайлауда дауыс беруге шақыратынын айтты.