Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Адам үрейін алатын сүйектер: Париж тек «махаббат қаласы» емес

Біз білетіндей, Париж бәріне тек саяхаттайтын, ең әдемі әрі романтикалық әсер беретін қала емес. Біреуі білер, біреуі білмес, сіз бен бізге таныс бұл Париж қаласының да адам аяғы басса үрейден денесі қалтырайтын жерлері де бар. Бұл – оның катакомбалары.

Бұл – ежелгі карьерлер болған, жерасты туннельдерінің күрделі жүйесі. Дәл қазір бұл жер – ұзындығы 300 км-ден асатын лабиринттер. Ең қорқынышты нәрсе – сол катакомбалардың қабырғалары. Себебі ол 6 миллионнан астам адамның сүйек қалдықтарынан тұрғызылған. Аяқ астынан адам сүйектерін үнемі кездестіресіз. Аталған жер жүрегі әлсіз туристерге мүлде арналмаған, себебі адамның бойында өлімнің энергиясын шақыратын сезімді бастан кешуі мүмкін.

Адам үрейін алатын сүйектер: Париж тек «махаббат қаласы» емес

Аталған жердің пайда болуы да аса бір үрей тудырмас. 1780 жылы Парижде бірнеше ғасырлар бойы жерленген ескі зират болды. Бұл Парижде вирустардың, аурулардың және инфекциялардың таралуына себеп болды.

Сондықтан билік карьерлерде Оссуарий жасау туралы шешім қабылдады. Ал зират сол жерге көшірілді. Сондықтан Парижді өлілер қаласы деп атайды, өйткені ол сөзбе-сөз сүйектерден салынған.

Адам үрейін алатын сүйектер: Париж тек «махаббат қаласы» емес

Қанша үрейлі болса да, катакомбаларды көру үшін әлемнің әр елінен бірнеше жүздеген турист келіп, тамашалайды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button