Саясаттанушы Марат Шибұтов AMANAT-тың жаңа және ескі саяси тұғырнамасындағы айырмашылық туралы айтты

ашық дереккөзі
Белгілі саясаттанушы, партия Саяси кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV съезінде партияның жаңадан бекітілетін Саяси тұғырнамасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, жаңа саяси тұғырнама «Адам – мемлекеттің басты байлығы» деген идеяға негізделген.
«Партияның ескі платформасын жаңасымен салыстыра отырып, бірнеше маңызды айырмашылықтарды атап өту керек. Ескі құжатта азаматтардың мүддесін қорғайтын құндылықтар мен идеялар айтылды, десек те, онда адамның әл-ауқаты құжатты жүзеге асырудың басым бағыты бола алған жоқ. Ал жаңа Саяси платформа «Адам, бұл -  мемлекеттің басты байлығы» идеясына негізделген. Бұл тәсіл «жаңа әділ Қазақстан» құру идеясына сәйкес келеді. Партия халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақты ұстанады, бұл ұстанымы құжатта да айқын көрсетілді», – деді саясаткер.