Айдос Сарым: Жаңа саяси платформа, бұл - жалпыпартиялық құжат

Айдос Сарым: Жаңа саяси платформа, бұл - жалпыпартиялық құжат

Айдос Сарым: Жаңа саяси платформа, бұл - жалпыпартиялық құжат
ашық дереккөзі
Саяси тұғырнаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, «AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бұл құжатта партия Қазақстанның болашағы туралы идеясын айқын көрсетіп, өзінің ниеті мен мақсаттарын белгілегенін айтты деп хабарлады  turkystan.kz.
«Жаңа саяси платформа, бұл - жалпыпартиялық құжат. Платформаны дайындау барысында іс жүзінде әр дауыс пен көзқарас құнды дейтін плюрализм принциптеріне адалдығымызды дәлелдедік. Платформа жобасын кеңінен талқылауды ұйымдастыра алдық. 2022 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында барлығы 1000-нан астам бастама мен ұсыныс түсті, 40 мыңнан астам партиялықтың қатысуымен әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жұмыс тобының мүшелері құжат дайындау барысында зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ партиялықтардың ұсынысы мен талап-тілегін толыққанды ескерді. Жаңа партиялық құжат қоғамның әртүрлі топтарының көзқарасы мен мүддесін көрсетеді»,  - деді Мәжіліс депутаты.