Президенттің ұстанған саяси бағыты қоғамдық ұйымдардың көңілінен шығып отыр – Ерлан Саиров

Президенттің ұстанған саяси бағыты қоғамдық ұйымдардың көңілінен шығып отыр – Ерлан Саиров

Президенттің ұстанған саяси бағыты қоғамдық ұйымдардың көңілінен шығып отыр – Ерлан Саиров
ашық дереккөзі
Бүгін елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтті. Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы Президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды. Аманаттықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың  президенттікке кандидатурасын бірауыздан қолдады. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осыған қатысты пікірін білдірді деп хабарлады  turkystan.kz. Ол басқа да саяси күштердің кандидат ретінде Тоқаевты ұсынуы мүмкін екенін атап өтті.
«AMANAT»  партиясы өз кандидаты ретінде бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Менің ойымша, бүгін басқа да саяси күштер өзінің кандидаты ретінде бүгінгі Президентті ұсынуы ықтимал. Бұл -  Президенттің істеп жатқан істері, ұстанған саяси бағыты көптеген саяси партияның ойынан шығып отыр деген сөз. Сондықтан осы бүгін Президент Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құрылуы ықтимал. Яғни, елімізде жүріп жатқан кешенді саяси трансформация, әлеуметтік реформалар, экономикалық бағыт-бағдардың барлығы елдегі саяси күштер мен қоғамдық ұйымдардың көңілінен шығып отыр дегенді білдіреді»,  – деді Ерлан Саиров.