Жаңалықтар

Әбиба Әбужақынова Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

ашық дереккөзі

Әбиба Әбужақынова Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық Әбиба Әбужақынова Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатын жеңіспен бастады деп хабарлады  turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жерлесіміз бразилиялық Аманда Лиманы қосымша уақытта жеңіп, 1/8 финалға өтті. Айта кетейік, Әбиба 1/8 финалда франциялық Ширин Буклимен кездеседі.