720 қазақстандықтың 100 млн теңгеден астам жылжымайтын мүлкі бар
720 қазақстандықтың 100 млн теңгеден астам жылжымайтын мүлкі бар
720 қазақстандық 100 млн теңгеден астам жылжымайтын мүліктің иесі болып шыққан. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік Кіріс комитеті хабарлады.
«Құны 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адамды құрады, оларға жалпы 610 млн теңге мүлік салығы есептелді», - делінген сәрсенбідегі хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі Республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады. Яғни 649 адам немесе 90,1% тұрады.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ айқындайтын жылжымайтын мүліктің бағалау құны негізінен нарықтық құннан өзгеше екенін ескеру қажет, деп ескертеді МКК.
Қазір жеке тұлғалардың мүлік салығы және көлік салығы бойынша салық ставкаларының прогрессивті шкаласы белгіленді. Мәселен, 2021 жылы 3,8 млн жеке тұлғаның мүлік салығының сомасы 15,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 3 млн салық төлеуші немесе 78,4% құны 4 млн теңгеге дейінгі мүлікке иелік етеді, деп атап өтілген ақпаратта.