Мұстафа Нұрланұлы: Моңғол күресінде алып пен жас бала қатар белдеседі

Мұстафа Нұрланұлы: Моңғол күресінде алып пен жас бала қатар белдеседі

Мұстафа Нұрланұлы: Моңғол күресінде алып пен жас бала қатар белдеседі
ашық дереккөзі
Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынына әлемнің 102 елінен келген 3 500 спортшы ұлттық спорт түрлерінен өзара кім мықтыны анықтады. Төрт күнге жалғасқан бұл сайыста Қазақстан құрамасы жалпы саны 9 медаль иеленіп қайтты. Жеңіс тұғырына көтерілгендердің қатарында Моңғолия атынан сынға түскен қандастарымыз Серік Бердімұратұлы, Мұстафа Нұрланұлы мен Жанарбек Мақсат та бар. Моңғол ұлттық күресінен екі мәрте мемлекеттік лашын атағын иеленген Мұстафа Нұрланұлы бұл сайыста түрік ұлттық күресінен сынға түсіп, күміс жүлдені місе тұтты. Моңғолияда ұлттық күрестен басталған командалық жарысқа дайындалу үшін Ұлан-Батырға асығып, жол жүріп бара жатқан қандасымызға хабарласып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.  width=– Әңгіме басында «Қазақстанға біз­ден көшіп барғандар болмаса атажұртта мені ешкім танымайды» деп айтып қал­ды­ңыз. Сол үшін алдымен өзіңіз жайлы бір ауыз айта кетсеңіз. – Мен 1992 жылы Моңғолияның Баян-Өл­гей аймағында дүниеге келдім. Бала кезім­нен күреспен, соның ішінде дзюдо, самбомен айналыстым. Ол уақытта біздің аймақта атал­ған спорт түрлерінен үйірме мүлде жоқ-тын. Өз бетімше дайындалып, көрген-білге­нім­ді қайталап, қарадүрсін жаттығып жүрдім. Он жылдық мектепті бітірген соң ел астанасы Ұлан-Батырдағы әскери жоғары мектепке оқу­ға түстім. Содан бастап самбо мен дзю­до­дан жасөспірімдер, сосын жастар арасында қар­сылас шақ келтірмей, спортпен кәсіби түрде айналыстым. Сонымен қатар мұнда бірін­ші нөмірлі спорт саналатын моңғол ұлт­тық күресіне назарым ауып, ол спортты да қатар алып жүрдім. Жалпы, 35 жыл бұрын мем­лекеттік деңгейде қаршыға атағын алған Бақыт Однайұлынан кейін моңғолдардың мық­тыларына ешкім лайық қарсылас бола ал­май жүр еді. Біз жақта жарыс болса өзге ай­мақтан келген моңғол балуандары үнемі ұтып кететін-ді. Олардан асып түсіп, біздің де мықты екенімізді дәлелдегім келді. Ол кезде 19-20 жастағы баламын. Бес аймақ тұр­ғын­дарының мерейтойында күресіп, аймақ­тық лашын атағын иелендім. Содан кейін моңғол ұлттық күресіне қызығушылығым кү­шейіп, дзюдо, самбомен қош айтыстым. Со­дан соң аймақтық арыстан атағын иемден­дім. Сосын мемлекеттік деңгейде екі рет ла­шын атағын иелендім. Жалпы, мұнда ұлттық күрес апта сайын теледидардан көрсетіледі. Халықтың бұл спортқа деген қызығушылығын сөзбен сипаттап жеткізе алмаймын. Ұлттық күреспен осы күнге дейін айналысып жүрге­нім сондықтан. Спорттан бөлек, әскери меке­меде жұмыс істеймін. Ата-анам қазір Байөл­кеде тұрады. Әкем – ауыр атлетикадан ха­лық­аралық спорт шебері. Кәсіби спортта сол кісі­ден үлгі алдым десем болады. Үш ағайын­дымыз. Ағам да Байөлкеде тұрады. Бауырым уни­верситетте оқиды. Мен отбасыммен Ұлан-Батырда тұрамын. Екі бала тәрбиелеп отыр­мын.  width=– Өзіңіз айтқан лашын, қаршыға, арыс­тан атағы кімдерге беріледі? Моңғол ұлт­тық күресінен бейхабар бізге бұл спорт­тың неге сонша қызығушылық ту­ды­ратынын айтыңызшы? – Ел егемендігін алған күніне орай жы­лына бір рет «Наадам» деп аталатын Моң­ғо­лия­ның ұлттық мерекесі мемлекеттік деңгей­де тойланады. Мұнда кіл мық­ты­лар садақ ату, ат жарыс және ұлттық кү­рес­тен сайысқа түседі. Бұл мейрамға пре­зи­дент және де өзге де лауазымды тұлғалар қа­тысады. Балуандар қатаң іріктеуден өтеді. Олар ал­дымен сұмын­дық, бір жылдан соң аймақ­тық деңгейде мықты екенін дәлелдеу керек. Сосын жолдама­ны қалтасына басқаннан кейін бір жылдаң соң ел астанасында «Наадам» мере­кесінде белдесуге мүмкіндігі бар. Сол кездесу­де қарсыластарын бес рет жыққанға лашын, алты рет сұлатқанға қаршыға, жеті кездесуде жеңіске жеткенге піл, сегіз рет жеңгенге са­мұрық, ал тоғыз рет жеңіс тойын тойлаған балуан­­ға арыстан атағы бері­леді. Арыстан атағы бірінші орынмен пара-пар. Моңғолия қазақтарының ешбірі мемлекеттік арыстан, самұрық атақтарына қол жеткізбеген. Өт­кен­де...  width=– Өткенде Серік Бердімұратұлының ара­ға 76 жыл салып, мемлекеттік піл ата­­­ғын иелен­генін жарыса жазғаны сон­дықтан екен ғой. – Иә, биыл атап өтілген ұлттық мереке ке­­­зінде Серік мемлекеттік піл атағын иеленді. Оған дейін бұл атақты 76 жыл бұрын Әбдіқа­жы батыр ғана иеленген еді. Мұнда мемле­кет­тік атақты алудың маңызы үлкен, себебі ол атақ өле-өлгенше өзінде қалады. Әрі тарих бе­тіне жазылады. Моңғолдар 200 жылғы ше­жірелерін жазып, сақтап отырады ғой. Сол ше­жіреге түрлі атақ иеленген балуандардың есімі жазылады. Жалпы, Моңғолияның 21 ай­ма­ғында мемлекеттік атақ иеленген адамға ерек­ше құрмет пен сый-сияпат көрсетіледі. Әсіре­се, балуан өсіп-өнген аймақтың тұрғын­дары жерлестерін төбесіне көтеріп, бірнеше күн думандатады. – Интернетте «Наадам» мерекесіне 512 балуан қатысады делінген. Серік екеуіңіз­­ден бөлек, сұмындық, аймақтық ірік­теу­ден өтіп, мемлекеттік деңгейде кү­ре­сіп жүр­ген қандастарымыз бар шы­ғар? – Негізі, жыл сайын 512 балуан қатысады. Бірақ айтулы даталарда сайысқа араласатын балуандардың саны одан көп. Мысалы, 2021 жы­лы елдің егемен атанғанына 100 жыл тол­ды. Былтыр коронавирус салдарына бай­ла­ныс­ты ұлттық мереке бір жылға шегерілді. Ал биыл­ғы айтулы мерекеде 1 024 балуан бақ сы­настық. Біз бұл байрақты додаға жыл сайын қатысамыз. Қазір мемлекеттік дең­гей­де өтетін сайыстарда он шақты қазақ бел­де­се­ді. Ал аймақтық деңгейдегі жарыс­тар­да 100-ден астам қазақ күреседі.  width=– Суреттерден байқағанымдай, балуан­­­дар алаңда қара жерде күреседі. Ар­­найы кілемше жайылмайды. – Иә, кілем жайылмайды. Тек қыстыгүні кә­­­дімгі үйде жайылатын кілем үстінде бел­де­се­міз. Ал басқа мезгілде үлкен алаңның қақ ор­тасында жерде күресеміз. 16 жұпқа бөлін­ген 32 балуан бір уақытта күреседі. Қарсы­ла­сы­ның алақаннан басқа жері жерге тисе балуан жеңеді. Тізесі тисе, таза жеңіс болып есеп­телінеді. Бізде жарыс 15 минутқа жалға­сады. Осы аралықта бір-бірін сұлата алмаса, төре­ші екі балуанды алдымен иығынан ұста­тып, күрестіреді. Одан тағы ешкім жыға ал­ма­са, бір-бірінің белінен ұстатады. Тағы бір ай­та кететін жайт, моңғол күресінде салмақ дәре­жесі деген болмайды. Салмағы аз-көп бол­сын, барлығы бір-бірімен күреседі.  width=– Түркияда өткен Дүниежүзілік көш­пен­ділер ойынында Серік екеуіңіздің топ жарғандарыңызды естіп, қандас­тары­мыз­дың сыртта жүрсе де күрес­тен алдына жан салмайтынына бір қуан­дық. Ұлттық спорт түр­лерінің мәртебесін асы­­­ра­тын көш­пен­ділер ойы­ны­нан не түйіп қайт­тыңыз? – Негізі, мен көшпен­ді­лер ойы­нына ал­ғаш рет қатысып отыр­­мын. Түріктің ұлт­­тық күре­­сінен де ал­ғаш рет сынға түстім. Көш­пен­­­ділер ойынына Моңғолия­дағы күрес түр­­лері федерация­сы­ның шақыруымен кел­дім. Бұған дейін қазақ күресінен өткен бір-екі сайыста белдескен едім. Былайынша мен тек моң­ғол ұлттық күресіне ден қоямын. Басқа кү­­рес түрлерінің ере­желерін де біл­мейді екен­­мін. Бірақ түрік­тің көне күресі кезінде ша­пан киіп күресетіні маған қолайлы екенін тү­сін­дім. +100 келі салмақ бойынша өткен бә­се­ке­де қарсылас­тарым­ды аз уақыт ішінде жы­ғып, фи­налға еш қиындықсыз жеттім. Алай­да ал­тын жүлде үшін таласта түрік балуаннан жеңі­ліп қалып, кү­міс жүл­дені қа­нағат тұтуға тура келді. Тү­рік азаматы өз елі­нің ұлттық күре­сіне қатыс­ты ережені же­тік білетіні айт­паса да түсінікті. Бір айта кетерлігі, мұнда Қа­­зақ­станнан келген бауырлары­мыз­бен шүйір­келесіп, марқайып қалдық. Жалпы, бұл ойын­ға моңғолдармен бірге бірнеше қазақ қа­тысты. Күрес түрлері­нен бөлек, көк­пар­шы­лар арасында да бауыр­лары­мыз бақ сынасты. Моңғолия қазақтары моң­ғол ұлт­тық күресіне ерекше ден қойса да, ара­мызда өзге де спорт түр­леріне қызы­ға­тын­дар бар. Сон­дық­тан ал­дағы уа­қыт­та көш­­пен­­ді­лер ойы­нын­­да бір­неше спорт түрі­нен мық­ты са­на­латын бауыр­лары­­­мыз әлі-ақ өзін та­ны­тады деп ой­лай­мын. Жалпы, бұл до­­да­дан түй­генім – бар­­­лық көш­пен­ді­нің түп-та­мыры бір екеніне, әсіре­се Орта­лық Азия жерін ме­кен­де­ген көш­­пенділердің ара­сын­дағы ұқсастық­тарға таң­ғалдым. Ұлт­тық ойындарын­да да ұқсас­тық көп екен. Түр­кі тілдес ха­лық­пен туыстық бай­­­ланыс өз алдына. Бұл ойынға келесі жылы да қа­тысуға болады екен деген оймен үйге қай­тып барамын.  width=– Сіздер қазақ күресінен өтетін әлем­дік жарыстарға жиі қатысады деп ойлап жүр­сем... – Қазақ күресінен өткен әлем чем­пио­на­тына бір рет қатысқаным бар. Сосын тағы бір жарыста белдестім. Ұмытып отырмын, нақты қай жарыс екенін. Біз, Моңғолия қазақтары қа­зақ күресіне қызықпаймыз емес, қы­зы­ға­мыз. Бірақ жоғарыда айтып өткенімдей, моң­ғол ұлттық күресі – сіздердегі бокс, күрес се­­кіл­ді бізде басты спорт түрі. Сосын бұл күрес­­тен өтетін сайыс­тарда халық таразы­ның рөлін атқарады. Қар­сы­ласыңның тізесі жерге тисе болды, жеңім­­пазсың. Тіпті, қап­тал­дағы төреші қар­сы­­ла­сыңды жақтап тұрса да, жеңіс се­нікі. Се­бебі алаң­­ға жиыл­ған қа­лың ел бар­лы­ғын кө­ріп отыр. Бас­қа ереже жоқ. Ме­нің­­ше, қа­зақ күре­сінен өте­тін жарыстарда төре­ші біз­ге әділ қарамайды. Мен мұ­ны қазақ күресінен өт­кен жарыс­тар кезінде байқа­дым. – Сонда төрешілер бозкілемде қан­­дас­тар қанша жерден мықты бо­лып тұр­­са да оларды мойындағысы жоқ па? – Солай секілді. Қазақстанның атынан қа­тысатын қазақтарды жақын тартады. Оны тү­сінуге болады. Патриоттық сезімге бой ал­дыра­ды, оған қоса өз елінде өтіп жатқан бәсе­­кеде жеңілмеуі керек қой. Төрешілер тек Қа­зақстанда ғана осылай көзқарас танытады деп ойласам, Түркияда да солай екен (күліп). Осы ойында да өз балуандарына болысып жүр­геніне куә болдым. Жалпы, таза бәсекеге төре­шілер араласқан соң кімнің де болса көңі­лі қалады. Бұрын бала кезімде самбо, дзюдо спортынан күрескенде де осындай әділетсіздіктерді жиі көргенмін. Сол моңғол ұлттық күресіне көңіл аударып, ақырында онымен кәсіби түрде айналыстым.  width=– Ал моңғол күресінде төрешілер еш­кім­ді бөліп-жара қарамай ма сонда? Бәріне тең қарай ма? – Бәлкім, бөліп-жаратын кездер болатын шығар. Бірақ олар өйтіп те қарай алмайды ғой. Неге десеңіз, ол жерде халық төреші. Бізде барлығы камераға түсіріледі. Қажет кезде тексереді. Сосын біздегі халық басқа спортқа қарағанда күрестің ережесін жетік біледі. Негізі, Моңғолияда ер-азаматтардың дені, мейлі бала кезінде болсын, күреске қатысады. Кейін оны жалғастырып әкетпесе де, жан-тәнімен жанкүйер болып, көрермен ретінде қызықтайды. Олардың қанында бар десем артық айтпаймын. Сосын мың жыл бойы жалғасын тауып келе жатқан спорт сайысы болған соң көпшілік моңғол ұлттық күресін таза күрес түрі дегенді жиі айтады. – Түркияда сіз қатысқан Дүниежүзі­лік көшпенділер ойынында Серік Берді­мұратұлы абсолютті салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Екеуіңіз азулы қарсы­ластан бөлек, жақын досқа ұқсайсыздар. – Иә, Серік екеуіміз бала кезден күресіп келе жатқандықтан етене араласамыз. Серік қазақ күресінен өтетін ойындарға жиі қатысады. Мен қазақ күресінен Серікке әлім жетпейді (күліп). – Салмақтарыңыз бірдей ме? – Негізі, жақынырақ. Бірақ ол қазақ күресінің ережесін жақсы біледі. Дзюдодан да жақсы күреседі. Тәжірибесі мол. – «Наадан» кезінде оған қарсылас атануыңыз мүмкін ғой? – Ол да мүмкін. Бірақ ол кезде екеуіміз де ережені беске білетіндіктен кездесу соңы тар­­тысты бәсекеге ұласатыны анық. Мен өмі­рімнің көп бөлігін моңғол ұлттық күре­сіне арнаған соң бұл спортты көпке дейін жаныма серік етемін. Бірақ алдағы уа­қытта қазақ күресімен де біраз шұғыл­дан­сам деген ой бар.  width=– Көздеген мақсатыңыз қандай? Мем­ле­кеттік лашын атағыңыз бар, енді­гі ме­же – мемлекеттік піл, арыстан атағы ма? – Ондай мақсатым бар еді, бірақ биыл өт­­кен 100 жылдыққа орайластырылған ұлт­тық мереке алдында үлкен жарақат алып, екі-үш ай аяғымды баса алмай қалдым. «Наадам» мерекесіне толық айыға алмасам да, күреспесем болмайтын секілді көрінді. Сөйтіп, жарысқа қатысып, ақырында үшінші кезеңде жы­ғы­лып қалдым. Бұйырса, келесі жылы өтетін ұлттық мере­кеге сақадай-сай дайын­да­лып баруды көздеп отырмын. – «Наадамға» дайын­дықты биыл­дан бастайсыздар ма? – Иә, бірақ қазір бізде аймақ­тар арасында коман­далар жа­ры­сы басталды. Бұл моңғол ұлттық күресі тарихында бірінші рет өткізілуде. Бұрын әр балуан же­ке нә­тиже үшін күре­се­тін еді, ал мында әркім ко­манданың жал­пы көр­сет­кішіне жауапты. Мұнда жауап­кершілік екі есе жо­ғары. Жал­пы саны 21 аймақтың ко­ман­дасы өзара белдесіп, ұпай саны бойын­ша келесі кезеңге өтіп, соңында жеңім­паз­ды анық­тайды. Бірінші орын иегерлеріне қо­мақ­ты жүлде тігіліп отыр. Амандық болса жуыр­­да біз бұл сайысқа Баян-Өлгей аймағы­ның атынан араласамыз. – Бір командада неше палуан бел­де­седі? Оның нешеуі қазақ? – Бір командада алты палуаннан. Біздегі ал­ты балуанның біреуі – біздің өлкеде өсіп-өн­ген моңғол балуан. Қалған бесеуміз – қа­зақ­пыз. Арасында Серік те бар. Команда аты­­нан сынға түсетіндер жыл бойы көрсет­кен нәтижесі, арнайы жүргізілген статистика бойынша іріктеліп алынады. Командалық жарыс ай сайын өтетін болады. Ал ақтық бә­секе, чемпиондық атақ үшін талас келесі жыл­дың сәуір айында өтеді. Қазір елге бара са­лып, сол бәсекеге дайындаламыз. – Әңгімеңізге рахмет! Баян-Өлгей ай­мағының командасына тек жеңіс тілей­міз!