Мемлекет тізгінін саясатта мол тәжірибесі бар тұлға ұстағаны абзал - Аягүл Миразова

Мемлекет тізгінін саясатта мол тәжірибесі бар тұлға ұстағаны абзал - Аягүл Миразова

Мемлекет тізгінін саясатта мол тәжірибесі бар тұлға ұстағаны абзал - Аягүл Миразова
ашық дереккөзі
Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет тізгінін ішкі, сыртқы саясатта мол тәжірибесі бар, еліміздің өткенін, бүгінін, халықтың жағдайын терең білетін тәжірибелі тұлға ұстағаны абзал. Ол – біздің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Ұстаз, ана, әже ретінде өздеріңізге ақылымды қосып, бағыт-бағдар беру – парызым», – деді Аягүл Миразова.
Бұған дейін «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.